«Дос іздеген Бота»

(«Ертегілер әлеміне саяхат» атты қазақ фольклоры аясында өткен ертегі қойылымы)

image001

Ән жетекшісі: Нурымбетова Р.М.
Қазақ тілі мұғалімі: Қожақатова Г.Қ.

Мақсаты: ертегі көрінісі арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашлықпен орындауга тәрбиелеу. Көркем сөздерді мәнерімен орындауға бағыттау.

Рольдерде ойнайтындар:

Түйе – Орманбек Аружан
Бота – Жасымбек Ақбота
Күшік – Ғазиз Кеусер
Мысық – Сұлтанова Зарина
Қозы – Ярославцева Карина
Лақ – Саламатова Зарина
Әтеш – Муллашев Эльдар
Ара – Лебзак Вика

Көрнекті құралдар: шарбақ, үй жануарлары, үйшік, гүлдер, шөп, ағаш.

Ерте, ерте, ертеде боталы Туйе болыпты.

image002

Түйе:

Түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі
Жан-жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын.

Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді Бота өте ақылды болып өсіпті. Бір күні анасы:

Түйе:

Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырып қоймайды
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам көз тоймайды.

- Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес. (Бота басын изеп тұрады)

Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.

Бота:

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостағандай көзім
Ақылдымын өзім

Жайылып жүрген Қозы мен Лаққа келеді. (Қозы мен Лақ гүл жинап, асыр салып ойнақтап жүреді)

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Қозы:

- Мә-ә, мен қошақан қозымын,
Момақанның өзімін.

Лақ:

- Мен лақпын, қандаймын.
Ашық болған таңдаймын
Кел, бәріміз дос болайық.

(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сендер сияқты дос емес.

Қозы, лақ: Мүмкін күшік болар.

Бота: Жарайды мен кеттім.

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Күшік: (үреді)

Абалап үремін, үй қорып жүремін
«Гав-гав»,- деп қаттырақ, сергек өмір сүремін
Кел, екеуміз дос болайық (айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Күшік: Мүмкін мысық болар.

Бота: Жарайды мен кеттім. (бота мысыққа келеді)

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Мысық:

Мяу-мяу, мен кәдімгі мысықпын,
Өзім тым пысықпын
Бәріменен дос болып
Пырылдаған пысықпын, пыр-р, пыр-р
Кел, екеуміз дос болайы (айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Мысық: Мүмкін әтеш болар.

Бота: Жарайды мен кеттім. (бота әтешке келеді)

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Әтеш:

Ку-ка-ре-ку! Бұрап қойған сағаттай
Айқайлаймын таң атпай
Таңмен бірге тұрамын
Бәріңді оятамын
Ку-ка-ре-ку!
Кел, екеуміз дос болайық

(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Әтеш: мүмкін ара болар.

Бота:

Жарайды мен кеттім. (бота араға келеді)
Ара ызылдап гүлге қонып жүреді

Бота: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін.

Ара:

З-з-з, ұшып келсем қасыңа
Менен, сен шошыма
Сен тимесең тимеймін
Қастығым жоқ досыма, з-з-з,
Кел, екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.

(айналып секіреді)

Бота: Жо-жоқ, сен сияқты дос емес.

Ара: мен сияқты дос емес.

image003

image004

image005

image006

image007

image008

Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өз анасына келеді.

Түйе: Дос таптың ба, ботам?

Бота: Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты, ешкім жоқ екен.

Түйе: Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.

Бота қуанып, адал достары қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, араны ертіп келіпті.

Би «Дос болайық бәріміз!»-барлығы бірге орындайды.

image009 image010
image011
image012 image013